11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №451 

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 4 тамыз, Астана, Үкімет Үйі «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы №906 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы №906 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде: көрсетілген Ережеге 2-қосымшада: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Айқындалатын лимит мынадай талапқа сәйкес болуы тиіс: Lslg < МахL, мұнда Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы өзінің меншікті кірістеріне қатысты лимиті; МахL – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті, бұл оның меншікті кірістері көлемінің 75%-ын құрайды. 2016 жылы Қызылорда облысы үшін жергілікті атқарушы орган борышының ең жоғарғы лимиті оның меншікті кірістері көлемінің 92%-нан аспауы тиіс.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ